• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 01 Наурыз, 2022

Ұлттық банк төрағасы ақша-несие саясатының іске асырылу барысы туралы баяндады

213 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің әлемдегі геосаяси жағдайға және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттері туралы есебін тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, соның ішінде халықтың теңгемен салған салымдарын қорғау, сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі қатерлер ескеріле отырып, ақша-несие саясатының іске асырылу барысы туралы баяндалды.

Ғалымжан Пірматов валюта нарығындағы ахуал, Ұлттық банктің алтынвалюта резервтерінің және Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.