• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 01 Наурыз, 2022

Елордалық ауыр науқас дәрігерлердің көмегімен коронавирустан емделіп шықты

312 рет
көрсетілді

Үкі Мерсағатова 63 жасында өмір мен өлімнің арасында қалды. Өткен жазда ол вакцинациядан қорқып, екпе алудан бас тартқан. Қауіпті вирус оны айналып өтіп кетеді дегенге сенім артқан екен. Екпеден бас тартқаннан кейін ары қарайғы жағдайын болжаудың да қажеті жоқ еді. Науқас ауыр жағдайда реанимацияға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы күрт нашарлаған. Үш апта бойы дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасады.

«Вирусты жұқтырған кезде оның жасы, артық салмағы, қант диабеті және жоғары қан қысымы жағдайды қиындатып жіберді. Халінің күрт нашарлағанына байланысты реанимацияға жіберіліп, оперативті түрде ем алды. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін оны қарапайым палатаға ауыстырдық. Онда ол қазірдің өзінде оттегі терапиясын, басқа да емдеуден өтті. Міне осыдан кейін ғана үйіне жібердік», – деді дәрігер Сапаргүл Бердешова-Әбілдаева.

Аман-есен сауығып шыққан ол отбасына оралғаны үшін аурухананың бүкіл медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.

Науқас өзінің аман қалғанын және дәрігерлердің арқасында туыстарының ортасында жүргенін айтты.

«Егер дәрігерлер тиісті деңгейде емдемесе ары қарай өмір сүре алмас едім. Ауруханада жатқанымда жақындарымды енді көрмеймін деп қорықтым. Дәрігерлердің бәріне алғысым шексіз. Мені емдеп, аман-есен шығарғандарыңыз үшін рақмет, енді отбасыммен бірге бола аламын!» - деді Үкі Мерсағатова.