Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Біріккен Ұлттар Ұйымын нығайту қажеттігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол 30 жыл бұрын Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды мүшесі атанғанын еске салды.
«Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек», деп жазды Мемлекет басшысы.