• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Наурыз, 2022

Ресеймен жұмыс істеуден бас тартқан әлемдік брендтер

840 рет
көрсетілді

Ресейдің Украина жеріндегі әскери операцияларына байланысты әлемдік нарықтағы белді компаниялар мен сауда-саттық алаңдары Ресеймен қарым-қатынасын үзе бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен, Apple мен Nike өз өнімдерін сатуды тоқтатты және Ресейдегі қызмет көрсету жұмыстарын шектеді.

Америкалық Boeing ұшақ концерні ресейлік әуе компанияларына қосалқы бөлшектерді жеткізуді және оларға техникалық қолдау көрсетуді тоқтатты.

Netflix ресейлік фильм жобаларымен жұмыс істемейтінін хабарлап үлгерді.

Германияның BMW компаниясы да Ресейде автокөлік өндірісін тоқтатып қойды.

American Express қаржы компаниясы санкция салу аясында Ресей Федерациясындағы серіктестерімен ынтымақтастықты тоқтатады.

 

Сондай-ақ ExxonMobil Ресейге инвестиция салмайтын болды.

Спорт пен мәдениет өкілдері де халықаралық сайыстардан шеттетіліп жатыр. Мысалы, Канн кинофестивалі Ресейден ресми делегацияларды қабылдамайды.

Ал Еуропа одағы ресейлік бірқатар телеарнаның одақ көлемінде хабар таратуына тыйым салды.

Әзірге мұндай санкциялар қашанға дейін жалғасатыны белгісіз. Өкінішке қарай, Украинадағы жағдай ушықпаса, тұрақталатын түрі байқалмайды. Сондықтан ресейлік компаниялар мен тұлғаларға қатысты жасалатын қысым жақын арада тоқтай қоймайтын сыңайлы. Бүгін екі ел арасында тағы да келіссөз өтеді. Түйткілді мәселелер сол жерде шешімін тапса, жағдай оңалуы да мүмкін.