Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ақсу қаласындағы автобус паркін тексеру кезінде жолаушылар тасымалымен айналысатын «Hyundai Aero City» маркалы автобуста жалған мемлекеттік нөмір тағылғаны анықталды. Аталған автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 3 бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 133 автобустың техникалық жағдайы тексеріліп, 16 автобус айып тұрағына қойылды», деді Ғалым Сарғұлов.