Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей делегациясы сәрсенбі күні кешке келіссөздердің жаңа кезеңі өтетін жерге келіп, Украина өкілдерімен кездесуге дайын болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Бүгін түстен кейін, кешке қарай біздің делегация белгіленген жерде болады. Украина тарапын күтеміз. Біздің делегация әңгімені жалғастыруға дайын», деді Песков.