• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Үкімет 02 Наурыз, 2022

Үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі Жедел Штаб құрылды

701 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен ҚР Үкіметі жанындағы Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі Жедел Штаб құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел Штаб Ресей Федерациясына санкциялар пакетінің салынуына және олардың Қазақстан экономикасына тигізер әсеріне байланысты экономика және кәсіпкерліктегі проблемалық мәселелерді шешетін болады.

Штаб құрамына негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлік қауымдастығының өкілдері мен салалық сарапшылар кірді. Отандық бизнес пен сарапшылар қауымдастығының басқа да өкілдері Жедел Штабтың алдағы жұмысына қатыса алады.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Жедел Штабтың алғашқы отырысы өтті, онда көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды.