• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 02 Наурыз, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

518 рет
көрсетілді

Украина тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина Президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты.

Екі елдің Мемлекет басшылары гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.