Елордада Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчта қостанайлық «Тобыл» алматылық «Қайрат» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қостанайлық футбол клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, «Тобыл» екі жыл қатарынан Қазақстан Суперкубогының иегері атанды. Қостанайлықтар сапынан Серікжан Мужиков пен Айбар Жақсылықов гол соқса, «Қайрат» сапынан Жоао Пауло көзге түсті.
Еске салсақ, «Тобыл» былтыр да Қазақстан Суперкубогын иеленген.