Атырау облысы әкімдігі мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Тұраргүл Ізбасованың мәліметіне сүйенсек, былтыр 3 804 723 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 97 пайызын электронды қызмет түрі құраған.
– Мемлекеттік органдар арқылы қағаз түрінде көрсетілген 59 339 қызмет бар. Тұрғындар «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 55 373 қызмет алды. Ал «Электронды үкімет» веб-порталы мен мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрдегі қызмет 3 690 011-ді құрады. Бұл – барлық көрсетілген қызметтің 97 пайызы, – дейді Тұраргүл Ізбасова.
Оның айтуынша, өткен жылы 39 заң бұзушылық дерегі тіркелген. Талдау кезінде құжаттар тиісті ақпараттық жүйелерде мерзімінде өңделмегені анықталып отыр. Заң бұзушылық логин мен құпия сөзді уақтылы алмау, электронды цифрлы қолтаңбаны дер кезінде ауыстырмау, жауапты мамандардың біліктілігін арттырылмағанының салдарынан болады екен. Тіпті кей мамандар электронды түрде түскен құжаттар айналысына немқұрайлы қараған.
Атырау облысы