• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

LRT іске қосылғалы 180 мыңнан астам жолаушы тасымалданды

70 рет
көрсетілді

LRT іске қосылғалы бері жолаушылар саны 180 мың адамға жеткен. Тек кеше ғана жеңіл рельсті көлік қызметін 100 мың адам пайдаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл көрсеткіш жобада қарастырылған өткізу мүмкіндігінен асып түскен. CTS басшысы Асылбек Дүйсебаев тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Атап айтқанда, төтенше жағдай болмаса платформалар мен вагондардағы дабыл батырмаларын баспау, пойыз есіктерін өздігінен ашпау және олардың жабылуына кедергі келтірмеу қажеттігі ескертілді. Мұндай әрекеттер құрамдардың тоқтап қалуына себеп болады.

CTS мәліметінше, LRT жүйесі толық автоматтандырылған әрі жүргізушісіз жұмыс істейді. Сондықтан мұндай әрекеттер қауіпсіздік жүйесі тарапынан жолаушыларға төнген қауіп ретінде қабылданады.

Қазіргі уақытта жолаушылар ағыны екі есе азайған, қозғалыс штаттық режимде жүзеге асып жатыр, айтарлықтай заңбұзушылықтар тіркелмеген.

Еске салайық, Астанада LRT 16 мамыр күні іске қосылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты. Мемлекет басшысына LRT жүйесінің 001 сериялы жол жүру картасы табысталды.

Соңғы жаңалықтар