• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Наурыз, 2022

Бердімұхамедов Түркіменстан Конституциясын өзгертуге ниетті

465 рет
көрсетілді

Гурбангулы Бердімұхамедов Түркіменстан Конституциясына өзгерістер енгізіп, билік органдарының өкілеттіктерін қайта бөлуге ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Меджлис депутаттарымен кездесуде Бердімұхамедов биыл Түркіменстан Конституциясының қабылданғанына және мемлекеттік ту бекітілгеніне 30 жыл толатынын атап өтті.

Оның айтуынша, 2020 жылы елдің негізгі Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қос палаталы парламент құрылды, Халк Маслахата Милли Генгеш мүшелерін сайлау өткізілді.

Сол кезде 25 қыркүйекте Түркіменстанда Конституцияның тоғызыншы түзетуі қабылданды.

Бердімұхамедов түрікмен заңнамасы дәуірдің талаптарына сәйкес үнемі жетілдіріліп отыратынын мәлімдеді.

Ол Түркіменстанның негізгі заңын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу кезінде мемлекеттік билік органдарының өкілеттіктерін, құқықтары мен міндеттерін қайта қарауды тапсырды.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 12 наурызында Түркіменстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.