Тағайындау 03 Наурыз, 2022

Берік Асылов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды

1510 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Президенттің баспасөз қызметі Берік Асыловты ҚР Бас прокуроры етіп тағайындау туралы қаулы шыққанын мәлім етті.

«Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына тағайындалсын» делінген 3 наурызда шыққан құжатта.