Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Ресей Президенті Владимир Путинмен және Украина Президенті Владимир Зеленскиймен болған әңгіме жайында пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«РФ Президенті Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлестім. Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым.
Владимир Зеленскиймен Украинадағы жағдай туралы сөйлестім. Елдегі әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін келіссөздер арқылы уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айттым. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға келістік», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей және Украина Президенттерімен телефон арқылы сөйлескен болатын.