• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2022

Қар күреген қайырымдылар

269 рет
көрсетілді

Қарағандының жастары қолға күрек алып, қарды қалай күреудің үлгісін көрсетті. Иә, биыл қыстың соңына таман Арқа төсіне қар қалың түскен еді. Табиғат-Ана қалалардағы жер үйлерді, аулаларын ақ көрпесіне молынан қымтап тастаған-тұғын.

 

Бұл игі істі облыстық жас­тар ресурстық орталығы ұйым­дастырды. «Қар вахтасы» деп аталған акция аясында ерік­ті­лер жалғызбасты қарт адам­дар­ға, мүгедектерге, ҰОС арда­гер­лерінің үйіне барып, олардың аула­ларын қардан тазартуға кө­мектесті.

Қарағанды облысы бойынша Волонтерлер фронт-кеңсесінің басшысы Мәдина Тұрсынбекова аталған акцияға облыстың 16 өңірі қатысқанын мәлім етті.

– Бүгінге дейін 79 іс-шара өткізіліп, оған 299 ерікті атсалысты. Ал 1 наурызда акция аяқталды және «Қар вахтасына» қатысқан ең белсенді волонтерлер марапатталды, – деп хабарлады ол.

Қарағанды медицина уни­вер­ситетіндегі «Самұрық» Сту­денттік республикасының қо­ғамдық жұмыс министрі Айдос Жамалов жастардың бұл акцияға белсене қатысқанын жеткізді.

– Мысалы, біз төрт ерікті барып, Ханшайым есімді әжейдің қар басқан ауласын тазаладық. Жігіттер қар күресе, қыздар жағы үйдің ішін жинап, тамақ пісірді, – деді ол.

Қарағандылық ерікті жастар «Қар вахтасы» акциясына белсене қатысып, ізгі ниетті игі істердің бел ортасында болғандарын орынды мақтан етеді.

 

Қарағанды облысы