• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Наурыз, 2022

Екатерина Айдова әлем чемпионатында үздік ондықта

235 рет
көрсетілді

Қазақстандық конькиші Екатерина Айдова Норвегияның Хамар қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 500 метрге жүгіруден бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық конькишілер одағының ресми сайтына сілтеме жасап.

Айдова жарыс жеңімпазынан 0,61 секундқа кейін қалып, 38,40 секундпен жетінші болып мәреге жетті.

Үздік үштік келесідей болды: бірінші орынды голландиялық Фемке Кок, екінші орынды австриялық спортшы Ванесса Герцог және үшінші орынды поляк конькиші Анжелика Войчик иеленді.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы Олимпиадада қазақстандық осы қашықтықта 20-шы нәтиже көрсеткен болатын.