• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Наурыз, 2022

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтитындар азайып барады

159 рет
көрсетілді

2021 жылғы 4 тоқсанда жалдамалы жұмыскерлер санының 32,1 мың адамға өсуі және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар санының 33,1 мың адамға қысқаруы байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс күшінің жалпы саны 2021 жылғы 3 тоқсанмен салыстырғанда 1,3 мың адамға қысқарды, алайда жылдық мәнде бұл көрсеткіш 0,3% - ға (29,9 мың) 9,3 млн адамға дейін өсті. Бұған өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда жұмыспен қамтудың жалпы 0,4% - ға (30,8 мың) 8,8 млн адамға дейін өсуі ықпал етті.

Жұмыспен қамту құрылымында 4-тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыс істейтін халықтың 76% артты. Тиісінше, жұмыспен қамтылғандардың 24%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар болып табылады, олардың саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 1,6% - ға (33,1 мың) қысқарды.

«Сонымен қатар егер өткен жылдың басы мен аяғының көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санының тиісінше 14,3 мың және 16,5 мың адамға өскенін атап өтуге болады», деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.