2014 жылғы 27 наурыз Астана, Үкімет Үйі
Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Тіркелген тарифтерді айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №271 қаулысымен бекітілген
Тіркелген тарифтерді айқындау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тіркелген тарифтерді айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (будан әрі - Заң) 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері ендіретін электр энергиясына тіркелген тарифтерді айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен есеп айырысу-қаржы орталығының сатыл алуына арналған тариф;
2) уәкілетті орган - жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу- қаржы орталығының электр энергиясын сатып алу шарты (бұдан әрі - сатыл алу шарты) - сатып алушы ретіндегі’ есеп айырысу-қаржы орталығы мен сатушы ретіндегі энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шарты.
4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу- қаржы орталығы (бұдан әрі – есеп айырысу-қаржы орталығы) – жүйелік оператор құратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) биомасса - биологиялық органикалық қазбалы емес материалдар;
6) биогаз - биомассаның ашуы нәтижесінде алынатын метан, көміртек монооксиді және (немесе) сутегі;
7) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Тіркелген тарифтерді уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңартылатын энергия көздерінің мынадай түрлерінің әрқайсысы үшін бекітеді:
1) күн сәулесінің энергиясы;
2) жел энергиясы;
3) судың гидродинамикалық энергиясы;
4) биогазды пайдалану арқылы алынған энергия.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын бекітілген тіркелген тарифтердің деңгейлерін үш жылда бір рет түзетуге құқылы.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген тіркелген тарифтерді түзету туралы актісі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бір жылдан соң қолданысқа енгізіледі.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген тіркелген тарифтерді түзету туралы актісі қолданысқа енгізілген сәтке дейін есеп айырысу-қаржы орталығымен жасалған қолданыстағы сатып алу шарттарына қолданылмайды.
2. Тіркелген тарифті айқындау тәртібі
7. Уәкілетті орган әлемнің басқа мемлекеттерінде қолданылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен өндірілетін электр энергиясына тарифтерді салыстырып талдау жолымен тіркелген тарифтерді бекіту бойынша ұсыныстарды қалыптастырады.
Мемлекеттер тізбесін уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен және Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша айқындайды.
8. Уәкілетті орган тіркелген тарифтерді бекіту бойынша ұсыныстарды қалыптастыру кезінде мынадай факторларды да есепке алады:
1) Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру және оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден сатып алу көрсеткіштері;
2) Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтыну және оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сату көрсеткіштері;
3) Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр энергиясын ендіру көрсеткіштері;
4) парниктік газдардың шығарындыларын төмендету бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштер;
6) тіркелген тарифтерді жыл сайын кезекті индексациялаудың болуы.
9. Тіркелген тарифтер теңгемен бекітіледі.
10. Уәкілетті органның тіркелген тарифті бекіту бойынша ұсынысын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін уәкілетті орган, жаңартылатын энергия кездерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ дәстүрлі және жаңартылатын› энергетика саласында қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдауларда талқылау қажет.
11.Тіркелген тарифтер инфляцияны ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:
Т1+1 – Т1 * ТБИ, мұндағы:
Т1+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген төмендеу жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектелген индекстелген тіркелген тариф;
Т1 – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, соларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қолданыстағы тіркелген тариф;
ТБИ - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанының алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі.
12. Тіркелген тарифтерді индекстеу есебін есеп айырысу-қаржы орталығы жыл сайын 10 қазанға дейін жүзеге асырады.
13. Тіркелген тарифтерді индекстеу есебін және индекстелген тіркелген тарифтерді есеп айырысу-қаржы орталығы өзінің ресми интернет-сайтында тиісті жылғы 15 қазаннан кешіктірмей жариялайды.
14. Индекстелген тіркелген тарифтерді есеп айырысу-қаржы орталығы индекстеу жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануға тиіс.
15. Осы Қағидаларда көзделген тіркелген тарифтерді индекстеу тәртібі өзгерген жағдайда, есеп-айырысу қаржы орталығымен жасалған қолданыстағы сатып алу шартының тарапы болып табылатын энергия өндіруші ұйым мынадай нұсқалардың біреуін таңдауға құқылы;
1) өзінің есеп айырысу-қаржы орталығымен қатынастарыңда тіркелген тарифтердің жаңа индекстеу тәртібін пайдалануға келісу, бұл туралы энергия өндіруші ұйым Қазақстан Республикасының тиісті актісі қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік бір ай ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. Бұл ретте тіркелген тарифтердің жаңа индекстеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті актісі қолданысқа енгізілген күннен бастап тиісті сатып алу шарты бойынша энергия өндіруші ұйым мен есеп айырысу-қаржы орталығының қатынастарына пайдаланылады;
2) тиісті сатып алу шарты бойынша энергия өндіруші ұйым мен есеп айырысу-қаржы орталығының қатынастарына қолданылатын тіркелген тарифтерді индекстеу тәртібін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдау.
Энергия өндіруші ұйымнан Қағидалардың осы тармағына сәйкес таңдаған нұсқа туралы хабарлама болмаған жағдайда не Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көзделген хабарлама беру мерзімі бұзылған жағдайда, Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасы пайдаланылады.