Сәрсенбі күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Біріккен Араб Әмірліктерінің Мемлекеттік сыртқы істер министрі Анвар Гаргашпен болған келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қызметтестікті одан әрі арттыра түсу перспективалары талқыланды.
А.Гаргаш сондай-ақ Астанада өтіп жатқан сауда-экономикалық қызметтестік жөніндегі Қазақстан-БАӘ бірлескен үкіметаралық комиссия-сының 4-ші отырысының күн тәртібі туралы да хабарлады.
Премьер-Министр К.Мәсімовтің Үндістанның Сыртқы істер министрі Соманахалли Маллайах Кришнамен кездесуінде екі ел арасындағы экономикалық қызметтестіктің болашағы әңгіме арқауына айналды.
Тараптар Қазақстан-Үндістан қызметтестігін жаңа деңгейге шығаруға жағдай жасайтын стратегиялық әріптестікті дамытуға деген мүдделіктерін білдірді.