Республикамызда демалыс күндері, яғни 29-30 наурыз аралығында жел тұрып, тұман болуы ықтимал. Бұл туралы «Қазгидормет» мемлекеттік метоқызметі хабарлады.
«Каспий теңізінің үстінде қалыптасқан циклон еліміздің батыс, орталық және солтүстік облыстары арқылы Батыс Сібірге қарай жылжиды. Осы циклон салдарынан жер-жерлерде жауын-шашын, көктайғақ және тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал 31 наурыз күні республикамыздың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні секундына 18-23 метрге дейін, кей жерлерде оның екпіні 28 метр болады»,-делінген хабарламада.
Осы циклонға байланысты 29-31 наурыз аралығында еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. Сондықтан синоптиктер аталған өңір тұрғындарына жолға шыққанда қауіпсіздік шараларына мұқият болу керектігін ескертеді.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «Қазгидромет».
Фото: www. E-Crimea.info.