• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2014

Атырауда із-түзсіз жоғалған балықшының мүрдесі табылды

508 рет
көрсетілді

Өткен жылы Атырау облысындағы «Қамыскөл» көліне батып кеткен балықшының мүрдесі жақында табылды. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады. 2013 жылдың 7 қарашасында жергілікті өңірдегі «Қамыскөл» деп аталатын көлге балық аулауға шыққан әкелі-балалы із-түсіз жоғалып кеткен болатын. Арнайы тексеру барысында төтенше жағдай қызметкерлері көл ортасына барып тесілген резеңке қайықты тапты. Сол жылдың 29 қарашасында алдымен балықшы баласы - Оралбек Бегежановтің мүрдесі табылады. Ал оның әкесін табу осы кезге дейін нәтиже бермеген еді. Осы  жақын арада «Қамыскөл» жағасынан Оралбектің әкесінің мүрдесі табылды. Қазір жергілікті жердегі табиғат қорғаушылар көлге бақылауды күшейтті. Нақты айтқанда, көл жағасында жүргендердің құжаттары жіті тексеріледі. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Egemen.kz. Фото: www. Chel.aif.ru.