• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2014

Муамар Каддафидің ұлы Ливия халқынан кешірім сұрады

315 рет
көрсетілді

Муамар Каддафидің ұлы Саади Каддафи Ливия халқынан кешірім сұрады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады. Түрмеде жазасын өтеп жатқан С.Каддафидің кешірім сұраған бейнежазбасы Ливия телеарналарында көрсетілді. «Мен Ливия халқына және биліктегі бауырларыма жасаған зұлымдығым үшін, елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты бұзғаным үшін кешірім сұраймын»,- деді ол. Алайда, түрме әкімшілігі өкілінің мәлімдеуінше, бұл бейнежазба С. Каддафиге түрмеде зорлық көрсетілді деген қауесетті жоққа шығару мақсатында түсірілген сыңайлы. Айта кетейік, С. Каддафи әкесі өлерден бір ай бұрын 2011 жылы Ливияны тастап қашып кеткен болатын. Ал ол наурыз айының басында Нигер елінде қолға түсіп, Ливияға экстрадацияланды. С. Каддафи бұрын футболшы ретінде Италияның «Перуджа» мен «Удинезе» командаларында ойнады. Сондай-ақ Ливия әскерінің полковнигі болған. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Itar-tass.com. Фото: www. Today.kz.