Ауа райының бұзылуына байланысты елордадан шығатын бірқатар жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ikomek қалалық шұғыл қызметі таратқан мәліметке сенсек, 7 наурыз күні сағат 14.20-дан бастап Нұр-Сұлтаннан шығатын бірқатар республикалық жолдар жабылады.
Нақтылап айтқанда, «Екатеринбург - Алматы» жолының 917-1247 шақырым аралығында, «Нұр-Сұлтан - Жақсы ауылы» учаскесінде көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынған.
Сонымен қатар сағат 15.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Петропавл» жолының 18-231 шақырымдарының аралығында, «Нұр-Сұлтан - Щучинск» учаскесінде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Мұның алдында астанадан бүкіл бағытта жол ашылғаны хабарланған болатын.