• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Наурыз, 2022

5G-дің қашан іске қосылатыны айтылды

246 рет
көрсетілді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Асхат Оразбек елімізде 5G қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз 5G технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүргіздік, тестілеу жүргізілуде. Осы жылдың соңына қарай Республикалық маңызы бар қалаларда, атап айтқанда: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында іске қосамыз. Ал 2023-2024 жылдары – облыс орталықтарын да қосатын боламыз. Ауылдарға 5G тартпаймыз», деп түсіндірді Асхат Оразбек.