Алматы мектептерінде жүргізілеген тексеріс кезінде 9 801 109 теңге сомаға 66 айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сovid-19 бойынша шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде мектептерде оқу процесін ұйымдастыруға мониторинг жүргізді.
Барлығы 166 тексеру жүргізілді, оның ішінде ерекше тәртіп бойынша - 87, жоспардан тыс - 57, мониторингтік топтардың құрамында - 22 тексеріс болды.
Тексеру барысында келесі бұзушылықтар анықталды:
- қаланың 3 мектебінде сабақтар арасындағы үзілістердің нормаланған ұзақтығы сақталмайды;
- оқу кестесі 4 мектепте бір күн және бір апта ішінде оқушылардың ақыл-ой қабілетінің динамикасын ескерусіз жасалды;
- оқу үй-жайларын жасанды жарықтандырудың жеткіліксіз деңгейі, жанып кеткен электр шамдары 19 мектепте уақтылы ауыстырылмаған;
- оқу жиһазы жартылай тозған, 2 мектеп жиһаз ауыстыруды қажет етеді.
Сондай-ақ, дезинфекциялық режимнің, мектептердегі үй-жайларды желдету кестесінің бұзылуы және басқа да профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың бұзылуы атап өтілді.
Анықталған бұзушылық фактілері бойынша санэпидбақылау мамандарымен 9 801 109 теңге сомасына 66 айыппұл салынды.
Мониторингтік топтар жұмысының нәтижелері жергілікті атқарушы органдарға жіберілді.