• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Тағайындау 09 Наурыз, 2022

Асхат Ораловтың кеңесшісі тағайындалды

173 рет
көрсетілді

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі AMANAT партиясы Атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол «Ашық партия» бірыңғай тұжырымдамасы аясында цифрландыру, мобильді қосымша құру және басқа да жобаларға жетекшілік етеді.

Әбутәліп Мүтәлі Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. The Pennsylvania State University (АҚШ) бітірген.

Ол – интеграциялық платформаларды құрумен айналысатын және мобильді қосымшаларды әзірлейтін Bolashak Engineering компаниясының негізін қалаушылардың бірі.