• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Наурыз, 2022

Мәжілістің жаңа депутаттарының есімдері аталды

308 рет
көрсетілді

Магеррам Магеррамов пен Гаухар Нұғманова Сергей Решетников пен Файзолла Каменовтың орнына Қазақстанның Халық партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары болып тағайындалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымында «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары Каменов Файзолла Каменович пен Решетников Сергей Николаевич өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты 2022 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімге енгізілген Қазақстан Халық партиясынан кандидаттар ретінде Нугманова Гаухар Көкенқызы мен Магеррамов Магеррам Мамедовичке депутаттардың бос мандаттарын беру үшін құжаттар дайындалды», делінген хабарламада.

Мәжіліс 9 наурызда Сергей Решетников пен Файзолла Каменовтың, сондай-ақ ОСК-ның мүшесі Ерлан Дауылбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.