Алматыда кроссовер контейнерге соғылып, апат салдарынан бірнеше адам жарақат алып және бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қалалық полиция департаменті жол апаты 11 наурыз күні сағат 00:10-да болғанын хабарлады.
«Lexus RX-300 маркалы автокөліктің жүргізушісі Өжет шағын ауданындағы Сүмбіл көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, көлікті басқара алмай, жеке үйдің қоршауындағы контейнерге соғылды. Оқиға орнында 2004 жылы туған жолаушы көз жұмды. Көлік жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі жарақатпен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді», - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
Аталған факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды.