• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Наурыз, 2022

Ұлттық банк доллардың тапшылығына қатысты түсінік берді

229 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық банкі айырбастау пунктері мен екінші деңгейлі банктерде қолма-қол ақшалардың жоқтығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Тұрғындар айырбастау пунктері мен банктерде қолма-қол доллар мен валюталық депозиттен қаражат алу мүмкін емес екенін айтып шағымдануда.

«Айырбастау пунктерінде және екінші деңгейлі банктерде қолма-қол долларды сатуға немесе шығарып алуға шектеу қоюға қатысты көп сауал түсті. Ұлттық банк шетелдік валютадағы операцияларға шектеу енгізу туралы қаулы немесе басқа да заңда тәуелді актілер қабылдамағанын хабарлайды»,  деп жазылған ақпаратта.

Ұлттық банктың мәліметінше, қолма-қол шетел валютасын беруде туындаған қиындықтар, бірінші кезекте, халық тарапынан сұраныстың артуымен, сондай-ақ шиеленіскен геосаяси жағдай аясында Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізудегі логистикалық қиындықтармен байланысты.

Осы жағдайды ескере отырып, Ұлттық банк Федералды резервтік жүйеден – АҚШ Орталық банкінен қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу мәселесін белсенді түрде пысықтауда. Сондай-ақ доллар түріндегі қолма-қол ақшаны уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету үшін көлік компанияларымен барлық қажетті келісімдер бар екенін хабарлаймыз», деді банктің баспасөз қызметі.