• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Наурыз, 2022

Қазақстан Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамымен ынтымақтастық жайын талқылады

783 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары халықаралық федерациясының Бас хатшысы Джаган Чапагейнмен ағымдағы екіжақты ынтымақтастықты және оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараптар 2018 жылы Алматыда өткен Қызыл Крест және Қызыл Жарты Айдың 10-шы өңірлік конференциясының нәтижелерін жоғары бағалады.

Дж.Чапагейн Федерацияның Украинадағы жүргізіп жатқан гуманитарлық қызметі туралы айтып берді. Сонымен қатар, ол Федерацияның Алматыдағы аймақтық өкілдігі негізінде гуманитарлық дипломатияның өңірлік хабын құру жоспарларымен бөлісті.

Е.Әлімбаев Бас хатшыны Қазақстанның Украинаға 2,2 миллион АҚШ доллардан астам сомаға медициналық мақсаттағы бұйымдар түріндегі гуманитарлық көмек көрсету шешімі туралы хабардар етті.

Кездесу соңында сұхбаттастар Қазақстанда және Орталық Азияда бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.