• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2022

Боранда жолда қалған 200-ден астам адам эвакуацияланды

176 рет
көрсетілді

Ақмола облысында бір түнде боранда жолда қалған 200-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыздың 11-12 аралығында түнде Ақмола облысы аумағында ақтүтік боран болды. Соның салдарынан блокпостарда жолға шыққан 400-ге жуық көліктің кептелісі орын алды.

«Өңірдің құтқарушылары мен тәртіп сақшалары және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бір түнде боранда жолда қалған 247 адамды эвакуациялады, оның 96 бала. Құтқару жұмыстары Бурабай, Аршалы және Шортанды аудандарында жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан эвакуация орындарында ыстық тамақ ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ақмолалықтарға жолдардың жабылуы туралы смс хабарлама алған кезде жолға шықпауға кеңес береді.