Қазақстандық конькиші Надежда Морозова Голландияның Херенвен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының финалында сегізінші болды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 1 500 метр қашықтықты 1 минут 55,26 секундта еңсеріп, сегізінші орынға жайғасты. Морозова көш бастап тұрған спортшыдан 2,60 секунд артта қалды.
Бірінші орында – жапондық Михо Такаги, екінші орында – нидерландтық Антуанетта де Йонг, үзіктер үштігін норвегиялық Рагне Виклунд жапты.
Айта кету керек, тағы бір қазақстандық конькиші Екатерина Айдова аталған қашықтықты 1 минут 58,563 секундта еңсеріп, 13-ші орынға шықты.