• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Наурыз, 2022

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді

640 рет
көрсетілді

14 наурыз күні Алматы қаласының әуежайынан Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Украинаға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Украина азаматтарына гуманитарлық көмек 2022 жылғы 14 және 15 наурызда Алматы қаласының әуежайынан екі рейспен жіберілетін болады.

ҚР Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украина халқына медициналық препараттар партиясын бөлу туралы шешім қабылдады.

Қазақстан басқа мемлекет тарапынан ресми өтінішке жауап ретінде гуманитарлық көмек көрсетеді.

Украина тарапынан осындай өтініш түскен соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді.