Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі AMANAT партиясы Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
AMANAT партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Динара Сәдуақасова AMANAT партиясы Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары болып тағайындалды.
Динара Сәдуақасова 1988 жылы 5 қазанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «халықаралық қатынастар» және «халықаралық құқық» (магистратура) мамандықтары бойынша білім алған. 2012 жылы Ресей халықтар достығы университетінің заң факультетін бітірді, ал 2018 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «халықаралық құқық» мамандығы бойынша PhD ғылыми дәрежесін алды. Ол Халықаралық, соның ішінде Кембридж университетінде бірқатар ғылыми тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер болып бастады. Динара Сәдуақасова әр жылдары «Қазақстандық халықаралық құқық қауымдастығы» ҚБ атқарушы директоры, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ директоры болған.
2015 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы қызметін атқарған.