Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында орналасқан химия зауытында бүгін таңертең өрт шығып, салдарынан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт дүйсенбі күні 2:08-де Баотоу қаласының Куньдулунь ауданында тұтанған.
Бір сағаттан кейін тілсіз жау ауыздықталған. 6:40-та із-түзсіз жоғалған деп тіркелген жеті адамның денесі табылды. Қазіргі кезде апаттың себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.