• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2010

АГРАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ

653 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Қазақстан хал­қына Жолдауында аграрлық саланы жедел дамыту жөнінде арнайы тап­сырмалар беріп, бағдарын анық­та­ды.  Нақтылай түссек, оның бірін­шісі – еңбек өнімділігін арттыру, екіншісі – елдің азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз ету, үшіншісі – елдің экспорттық әлеуетін іске асыру. Міне, осы міндеттерді жүзеге асыру Қазақ мемлекетінің әрбір азаматына парыз екені сөзсіз. Отанымыздағы аграрлық сала бойынша білім беретін байырғы оқу орындарының бірі, базасы, ғылыми әлеуеті, оқытушылар құ­рамы жағынан да мойны озық тұрған Қазақ аграрлық университеті десек, артық айтқандық емес. Іргелі оқу ордасының алтын діңгегіңдей болып есептелетін бір ғана энер­гетикалық және ақпараттық жүйе­лер факультетінің ұжым мүшелері Елбасы Жолдауында көрсетілген басты міндеттерді орындау үшін бел шеше кірісіп отыр. Бұл факультет еліміздің барлық өңірін электрлендіру жолында өт­кен ғасырдың өзінде орасан жұ­мыс­тар атқарған. Осындай игілікті істі жүргізуде факультеттің тұңғыш деканы Трофим Те бастап, Х.Тас­бо­латов, А.Тәжібаев, А.Захаров, И.Ар­гангельский, тағы басқа ға­лым-оқытушылар қоштап, жүздеген емес, мыңдаған шәкірт тәрбиеле­ген. Сол үрдіс күні бүгінге дейін жалғасып келеді. 6 мыңға таяу тү­лек­теріміздің ішінде елге танылып, жұртқа қалтқысыз қызмет еткен азаматтар молынан. Оларды біз әрқашан мақтан етеміз, студент­терге үлгі етіп отырамыз. Солардың қатарында, кезінде биік лауазымды қызмет атқарған Социалистік Еңбек Ері Р.Мырзашев, бұрынғы Құрылыс министрі, қазіргі “Кор­порация АВЕ” АҚ президенті А.Құлыбаев, ғалым А.Болотов, тағы басқалары бар. Сол секілді факуль­теттің бір замандардағы үздік сту­денттерінің арасынан 11 ғылым док­торы, 20-дан астам ғылым кан­дидаты шыққанын да айта кетсек дейміз. Ғылым мен техника қарыштап дамыған ХХІ ғасырда факультет ұжымы заманауи өзгерістерге сай бұрынғы ауыл шаруашылығын электрлендіру факультеті ендігі жерде энергетикалық және ақпа­рат­тық жүйелер факультеті болып өзгеріп отыр. Төрт кафедрада 94 оқы­тушы болса, олардың 11-і ғы­лым докторы, 34-і ғылым кан­ди­даты. 5 мамандық негізінде 1150 бакалавр, 32 магистр, 3 PhD доктор дайындалуда. Арнаулы 30-дан астам лабораторияларда, электр­лен­діру жүйелерін жобалау каби­неттерінде, оқу полигондарында, компьютерлендірілген электр қондырғыларында студенттерге жүйелі сабақ өткізу дәстүрі жақсы қалыптасқан. Оқу үрдісінде әртүрлі инновациялық білім беру техно­логиялары кеңінен қолданылады. Мәселен, дәстүрлі мультимедиялық сүйемелдеу, виртуалдық лабора­то­риялық жұмыстар, электрондық оқулықтар мен оқу құралдары, бей­нефильмдер, компьютермен бақы­лау-тест жүргізу, іскерлік ойын­дары, т.б. Факультетте білім берумен қа­тар ғылымды өндіріспен ұштастыра отырып, зерттеу мәселесі де дұрыс жолға қойылған. Соның бір дәлелі ғалымдар ауыл энергетикасының өзекті мәселелері бойынша зерт­теулер жүргізуде. Атап айтқанда, ауылшаруашылық жылжымалы мәшинелерінің оңтайландырылған автономдық электр жетегі, авто­ном­дық жылжымалы электрмен жабдықтау көзі, фермерлік шаруа­шы­лықтарды жылумен қамтамасыз ету үшін электр бу өндіруші, жа­ңартылған энергия көздерін құрама пайдалану қондырғысы және басқа да мәселелердің шешімдері іздес­ті­рілу үстінде. Жалпы алғанда, елі­міздегі электртехникалық білімнің көзін ашқан ұрпақ сабақтастығы жалғасын тапқан факультет оқыту­шылары мен студенттері Елбасы тапсырмаларын мүлтіксіз орындау жолында еңбек етіп келеді. Мұратбек ИСАХАНОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің доценті. АЛМАТЫ.