АҚШ Президенті Джо Байден Украинаға 13,6 миллиард доллар көлемінде қаржы бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақ үй басшысы АҚШ Конгресінің шешімі арқасында Украинаға бағытталған әскери және гуманитарлық көмектің артатынын мәлімдеді.
Бірқатар америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Байден 16 наурызда Украинаға тағы 1,01 миллиард доллар көлемінде әскери көмек бөлетінін жарияламақ. Қолдау шарасы бойынша танкке және әуе шабуылына қарсы қару-жарақ жіберіледі.
Бұған дейін АҚШ басшысы Украинадағы жағдайға және НАТО-ның қорғаныс қабілетін арттыруға арналған Солтүстік Атлантикалық одақтың шұғыл саммитіне қатысатыны туралы хабарланған болатын. Іс-шара 24 наурызда ұйымның Брюссельдегі штаб-пәтерінде өтеді.