• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Президент 16 Наурыз, 2022

Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту мүмкін емес – Тоқаев

943 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша халыққа арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты Жолдауын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы жылдың басты құжатында қасіретті қаңтар оқиғасындағы мәселелерге де жан-жақты тоқталды. Ол өз сөзінде ел тұтастығын сақтау жолында жасалып жатқан жұмыстарды жоққа шығаруға ұмтылған жоғары лауазымдағы азаматтардың сатқындығы жанына батқанын да атап өтті. Сондай-ақ ел дамуында саяси жаңғыру болуы керектігін тіліне тиек етті.

«Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе», деді Президент.