• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Наурыз, 2022

Ресейлік ірі авиакомпания Қазақстанға алғашқы рейсін ұшырады

195 рет
көрсетілді

«Red Wings» әуе компаниясы 19 наурыздан бастап Sukhoi Superjet 100 ұшағымен Мәскеуден Нұр-Сұлтан қаласына ұша бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына рейстер Домодедово әуежайынан дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері сыйымдылығы 100 орындық Sukhoi Superjet 100 (SSJ-100) ресейлік лайнерлері қатынайды. Компания Қазақстан астанасына алғашқы рейсті 19 наурызда бастайды деп нақтылады. Алматыға ұшу 22 наурыздан бастап сейсенбі мен бейсенбі күндері іске қосылады.

SSJ-100 ұшақтары отандық лизингтік компанияларға тиесілі, ресейлік авиациялық регистрде тіркелген, сондай-ақ Ресейдегі сақтандыру компанияларына сақтандырылған.