Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша халық саны 19 миллион 143 мың 200 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл ретте қалаларда тұратын қазақстандықтардың саны – 11 млн 389 мың 200 адамды (59,5%), ауылдық жерлерде – 7 млн 754 мың адамды (40,5%) құрады.
Ұлттық бюрода атап өткендей, 2021 жылдың 1 ақпанымен салыстырғанда халық саны 245,3 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті.
2022 жылғы қаңтарда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда (21,7 мың адам) 17,3%-ға азайды және 17,9 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 10,98 адамды құрады.
АХАТ органдарының деректері бойынша осы жылдың қаңтар айында туылғандар саны 31,2 мың адамды құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 8,7%-ға аз (34,2 мың адам). Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 19,10 туылғандарды құрады.
Бұл ретте қайтыс болғандардың саны 13,3 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда (12,5 мың адам) 6,3%-ға артық. Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,12 өлімді құрады.
Осы кезеңде 1 жасқа дейінгі 274 сәби қайтыс болды, 2021 жылдың тиісті кезеңімен (241) салыстырғанда бұл көрсеткіш 13,7%-ға артты. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туылғанға 8,79 жағдайды құрады.