Иранның Парсы шығанағындағы оңтүстік жағалауында жүк кемесі апатқа ұшырады. 30-ға жуық судағы адамдар құтқарушыл тобын күткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
IRNA агенттігінің хабарлауынша, жүк кемесі БАӘ компаниясына тиесілі.
Қазіргі уақытта бортта болғандарды іздестіру және құтқару операциясы жүріп жатыр, оқиға орнына тікұшақ жіберілді.
Иранның Бушер провинциясының порттар мен кеме қатынасы басқармасы бұл кеменің автомобильдер тасымалдағанын атап өтті.
Алдын ала ақпарат бойынша, кеме Ассалуйден 30 миль қашықтықта дауылға ұшырады.