• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Наурыз, 2022

COVID-19 өршіп тұр

258 рет
көрсетілді

Бір күнде Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 400 мыңнан асты. Көп елде қауіпсіздік шаралары жеңілдетілгенімен, вирустың таралуы азаймай тұр.

Кореяның Ауруларды бақы­лау және алдын алу агент­тігінің (KDCA) деректеріне сай, елде күнделікті 400 741 жұқтыру жағдайы тіркеліп жатыр, олардың басым бөлігі – жергілікті халық.

Жалпы елде вирус жұқтыр­ғандар қатары 7 629 275-ке жетті. Бұл – 2020 жылдың 20 қаң­тарынан (сол күні елді бірінші жұқтыру жағдайы тіркелген) бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Бейсенбі күні аталған көрсет­кіш 362 338 болған. Оның алдын­дағы антирекорд өткен сенбі күні тіркелген – 383 659 адамнан вирус анықталған.

COVID-19-дан көз жұмғандар саны 164-тен 11 052-ге дейін өсті. Дегенмен өлім үлесі – 0,14%. Жағдайы ауыр науқастардың саны 1 244-ке жетті, алдыңғы күнге қарағанда 48-ге көп. Омик­рон штамының тез таралып жат­қанына қарамастан, ел үкіметі қалыпты тіршілікке оралу үшін барын салып жатыр.

Жалпы, әлемнің көп елінде қауіпсіздік ережелері жеңілдеп, қатаң шаралар алынып тасталды. Әйтсе де, вирустың қайта өр­шігені туралы хабарлар жан-жақ­тан түсіп жатыр. Осыған дейін вирустың таралмауын бақылаған Қытай да елде жағдай тұрақсыз екенін айтты.

Қытайдың 9 миллион тұр­ғыны бар Чанчунь қаласында жаппай тестілеу жүріп жатыр. Шаһар өткен аптада локдаунға жабыл­ған. Елді мекенде бір күнде вирусты жұқтырудың 460 дерегі расталса, келесі күні ол сан мыңнан асып кеткен. Жап­пай тестілеу үшін қалаға өзге өңір­лерден мыңнан аса медицина қызметкері жеткізіліп, 7 мың әскери тартылды.

Қытайдың 13 миллионға жуық тұрғыны бар Шэньчжэнь қаласы да локдаунға жабылды. Қазір шаһарда қоғамдық көлік қатынамайды. Әр отбасынан бір адам ғана дүкенге бару үшін тыс­қа шыға алады. Мұнда да қазір жаппай тестілеу жүріп жатыр. Қытайда соңғы уақытта ах­уал өршіп барады. Наурыздың ба­сы­нан бері 10 мыңнан аса вирус жұқтыру дерегі тіркелді.