Түркияның Anadolu агенттігі жариялаған ақпаратта Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың бұл өзгерістерді «табысты мемлекет қағидатын» іске асыруға мүмкіндік береді деп санайтыны айтылған.
«Президенттің айтуынша, реформалар үшін реформа жасаудың қажеті жоқ. Өзгерістер басқаларға жақсы болып көріну үшін жасалмайды. Бұл табысты мемлекет қағидатын іске асыруға, Қазақстанды тиімді мемлекетке айналдыруға мүмкіндік береді. Президент сонымен қатар бұл мақсатқа жету үшін бірқатар бастама ұсынды», делінген хабарламада.
Anadolu Қ.Тоқаевтың Amanat партиясының төрағалығынан биыл бас тартатынын мәлімдегенін, саясаттағы монополия деградацияға әкеледі дегенін және Президент өз өкілеттігі кезінде партия мүшелігін тоқтату міндетін заңнамалық түрде ресімдеуді ұсынғанын жазды.
Сондай-ақ елдегі қаңтар айындағы оқиғаға қатысты мәлімдемесі берілген.