• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Елорда 18 Наурыз, 2022

Тұлғалар есімі берілді

458 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы 8 мектепке ұлт руханиятының дамуына зор үлес қосқан айтулы тұл­ғалар есімі берілді. Бұл жағым­ды жаңалықты қалалық Тілдер­ді дамыту және архив ісі басқар­масының басшысы Сәкен Есіркеп мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №123 қау­лысына сәйкес елордамыздағы 8 мектепке тарихи тұлғаларымыздың есімі берілді» дейді С.Есіркеп.

Енді бас шаһардағы №2 балалар музыка мектебіне Роза Бағла­нованың; №3 балалар музыка мек­тебіне Ермек Серкебаевтың; №11 мектеп-лицейге Өзбекәлі Жәнібековтің; №49 орта мектепке Қошке Кемең­герұлының; №66 мектеп-лицейге Дін­мұхамед Қонаевтың; №69 мек­теп-гимназияға Кемел Ақы­шевтің; №77 мектеп-гимназияға Фари­за Оңғар­сынованың; №83 мектеп-гимна­зияға Ыбырай Алтынсариннің аты ресми берілді.