• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Наурыз, 2022

АШМ субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу мерзімін атады

282 рет
көрсетілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін енгізу мерзімін атады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Жергілікті атқарушы органдар субсидиялау нормативтерін бекіту жұмыстарын жандандырып, субсидиялауға бөлінетін қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз етуі қажет», деді Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында.  

«Министрлік өз тарапынан фермерлік қоғамдастықпен бірлесіп агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың тәсілдерін қайта қарау жөніндегі жұмысты жалғастырады, сондай-ақ қазіргі уақытта Ақмола облысының базасында тестіленіп жатқан субсидиялаудың жаңа бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін қолданысқа енгізу жөніндегі жұмысты жеделдететін болады. Оны екінші жартыжылдықтан бастап қолданысқа енгізуді жоспарлап отырмыз», деді министр. 

Бұған дейін министр фермерлерге жеңілдетілген несие беру туралы айтқан болатын. 

«Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өндірушілері «Кең дала» бағдарламасы арқылы 70 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берумен және азық-түлік корпорациясын 80 млрд теңге көлемінде форвардтық сатып алумен қамтамасыз етілді. Бұл ретте форвардтық сатып алу биыл 2 есеге артты», деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.