• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 18 Наурыз, 2022

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

347 рет
көрсетілді

Алматыда EDEN LIFE қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінен хабарланды, деп жазады Egemen.kz.

«ҚР ҚМА Алматы бойынша аумақтық департаменті инвестициялар саласындағы маркетингтік компания ретінде жасырылған EDEN LIFE қаржы пирамидасының қызметіне тоқтау салды. Ұйымдастырушылар басқа салымшылардың қаражатын тарту арқылы пайда болған тиімді сыйақыны алуға кепілдік бере отырып,  азаматтарға инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынды», делінген ведомство хабарламасында.

Ведомствода нақтылағандай, сотқа дейінгі тергеу қаржылық пирамиданы, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша жүргізілуде.

Агенттік азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.