Әлемнің ең бақытты елдерін анықтаған World Happiness Report рейтингісінде Финляндия бесінші рет қатарынан бірінші болып келеді. Қазақстан бұл рейтингте 40-шы орында тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Рейтингтің топ-10 қатарына Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль және Жаңа Зеландия кірді.
11-ден 15-ші орындарда Австрия, Австралия, Ирландия, Германия және Канада көрінді.
16-шы орында АҚШ (2021 жылы 14-ші), 17-ші орында Ұлыбритания (2021 жылы 18-ші).
Францияның рейтингтегі орны өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды – 20-шы орын.
Сондай-ақ, World Happiness Report рейтингіне бұрынғы КСРО елдері кірді: Литва (34-ші) және Эстония (36-шы) жақсы көрсеткіштерге ие.
Биыл Қазақстан 5 тармаққа көтеріліп, 40-орынға тұрақтады(2021 жылы 45-ші орын).
Рейтинг бойынша Латвия 42-ші, Өзбекстан – 53-ші, Молдова – 62-ші, Қырғызстан – 64-ші, Беларусь – 65-ші, Түрікменстан – 78-ші, Армения – 82-ші, Тәжікстан – 83-ші, Әзірбайжан – 92-ші, Украина – 98 – ші, Грузия-105-ші.
Биыл Ресей рейтингтегі позициясын нашарлатып, 80-ші орынға төмендеді.
Ең бақытсыз елдер Ливан (145-ші орын) мен Ауғанстан (рейтингтің соңғы жолы) болып танылды.
Биылғы жылы құрамына 146 ел кірген World Happiness Report жыл сайынғы баяндамасын БҰҰ-ның Тұрақты даму шешімдерін іздеу жөніндегі бөлімшесі жасады. Елдер халықтың өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі, азаматтардың өмірлік маңызды шешім қабылдау мүмкіндігі сияқты көрсеткіштер бойынша бағаланады. Дүниежүзілік бақыт туралы есеп алғаш рет 2012 жылы жарық көрді.