Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті тыйым салынған жануарлар дериваттарын өткізу әрекеті кезінде екі азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Процессуалдық іс-қимылдар барысында жалпы салмағы 160 кг болатын 641 дана киік мүйізі алынған.
Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының деректері бойынша қылмыстық әрекеттен мемлекетке залал 1,5 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Күдіктілерге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.