Әскери іс-қимылдар басталғалы Украинада халықтың 20 проценттен астамы, яғни 10 миллион адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кетейік, бұл есепке өзге мемлекеттерге бас сауғалаған украиналықтармен қоса ел ішінде қоныс аударғандар да кіреді.
БҰҰ-ның мәліметінше, шамамен бір ай ішінде Украинадан 3 миллион 400 мыңға жуық адам кетіп қалған. Оның 2 миллионнан астамы көрші Польша шекарасын асқан. Тағы жарты миллионы Румынияға барған.