• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Президент 21 Наурыз, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

239 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Президенті Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының маңында «China Eastern Airlines» әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына қайғыра көңіл айтамын», делінген жеделхатта.